Астанада теннистен Virtus әлем чемпионаты өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — «Дәулет» теннис орталығында теннистен Virtus әлем чемпионаты басталды.

Астанада теннистен Virtus әлем чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстан – интеллектуальды даму ерекшеліктері бар жаһандық доданы Азия құрлығынан бірінші болып қабылдаған бірінші ел атанды.

- Елімізде инклюзивті теннистің дамуына көңіл бөлініп келеді. Үш жылдың ішінде Қазақстанның 8 қаласында арбадағы теннис секциясы ашылды. Қазақстан кубогы, Қазақстан чемпионаты өтіп тұрады. 2024 жылы ұлттық құрамамыз жасақталып, әлем чемпионатына қатысты. Екі теннисшіміз әлемдік рейтингте ТОП-200-ге кіріп үлгерді. Енді өз жерімізде алғаш рет жаһандық доданы қабылдау құқығына ие болып жатырмыз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Бұл бәсекеге Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Франция елдерінен 50-ден астам спортшы келді.

Жарыс барысында қатысушылар 5-10 мамыр аралығында үш санат бойынша (жекелей, жұптық, командалық сайыс) жүлделерді сарапқа салынады:

II1 — жеңіл деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар спортшылар
II2 — Даун синдромы бар спортшылар
II3 — аутизм спектріндегі бұзылыстары бар спортшылар

Айта кетейік  дәл осы «Дәулет» теннис орталығы 2021 жылы елімізде алғаш рет пара теннистен ішкі турнирді өткізген болатын.

Бұл додада Қазақстан құрамасы Астана, Алматы, Ақкөл қалаларынан 7 спортшы жасақталды.

Айта кетелік Астанада 9-11 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар