Астанада тергеу бөлімінің басшысы пара алғаны әшкереленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ірі көлемде пара алған Есіл аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысы қолға түсті, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«6 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Есіл аудандық ішкі істер басқармасы Тергеу бөлімінің басшысы парақорлыққа жол бергені әшкереленді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, күдікті оған бағынышты делдал арқылы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 000 теңге көлемінде пара алған.

Өз кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілер қамауға алынған жоқ.

Соңғы жаңалықтар