Астанада терминалдарды ұрлау қылмысы әшкереленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері төлем терминалдарын ұрлау фактісін «ізін суытпай» әшкереледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Департаментке қала тұрғыны белгісіз біреулердің дүкендердің біріндегі төлем терминалын ұрлап кеткендігі туралы шағым түсірді. «Құқықтың тәртіп» жедел-профилактикалық шаралар аясында жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында терминалдарды ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ анықталды, күдіктілердің бірі ретінде 22 жастағы «Газель» көлігінің жүргізушісі ұсталды», - деп хабарлады полициядан.
«Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар үш адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайынан тағы бір төлем терминалы табылды. Полицейлер олардың қала аумағында жасалған осы сипаттағы қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап жатыр», - деп ақпарат берді ІІД-де.