12:41, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Астанада тіркелген 10 қылмыстың 8-інің ізі суымай ашылды
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәуліктерде елордада он қылмыс тіркелген, оның сегізінің ізі суымай ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Анықталған қылмыстардың ішінде ұрлық, алаяқтық, меншік құқығын бұзу оқиғалары бар. Мәселен, қаңтардың 16-сы күні Астана тұрғыны жалпы құны 60 мың теңгенің бұйымы тоналғандығы жөнінде арызданған. Патрульдік полк полицейлері көп ұзамай аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен 1988 жылы туған, жұмыссыз азаматты ұстады.«Төлеп» компьютерлік клубында белгісіз ер азамат 9-шы сынып оқушысының құны 30 мың теңгелік мүлкін алдап-сулап алып кеткен. Сарыарқа ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері Астанада жұмыссыз жүрген Қостанайдың тумасын ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды.Ал елорданың Алматы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері лицензиясыз сатылып жатқан 250-ге тарта дискілерді тәркілеген. Айта кетері, бұл заң бұзушылықты полицейлер көшелерге орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.