Астанада тілдерді дамытуға қосымша 103 млн теңге бөлінді

Қарызы бастан асқан адамдарды қаржылық сауаттылыққа үйрететін сайт ашылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев қазақ және басқа да тілдерді дамытуға қосымша қаражат бөлінгенін айтты.

«Дене шынықтыру және спорт басқармасына республикалық және халықаралық жарыстарға құрама командаларды даярлауға және қатысуға, жан басына шаққандағы қаржыландыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне жабдық сатып алуға жалпы сомасы 3 млрд 667 млн теңге қаражат бөлу көзделіп отыр», - деді Қайсар Маңқараев қоғамдық кеңес отырысында. 

Сондай-ақ, басқарма басшысы Тілдерді дамыту және архив істері басқармасына мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға қосымша 103 млн теңге бөлінгенін айтты. 

«Сонымен қатар Көлік және жол көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына, көлік инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық көлік тасымалдаушыларының шығыстарын субсидиялауға қосымша 25 млрд теңге қаражат бөлу ұсынылып отыр. Коммуналдық шаруашылық басқармасына нөсер кәріздерінің күтіміне, оны тазартуға «Астана су арнасы» атмосфералық жерүсті ағындарын жіберу мен тазартуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға қосымша 14 млрд 254 млн теңге қаражат бөлу сұралады», - дейді Қ. Маңқараев.

Соңғы жаңалықтар