Астанада ТМД достастық армияларының ІХ Спартакиадасы мәреге жетті

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер достастық армияларының ІХ Спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Астанада ТМД достастық армияларының ІХ Спартакиадасы мәреге жетті

Сайыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысы  болды.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл отырыстың қорытындысы бойынша ұйым төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Армия Орталық спорт клубының төрағасы полковник Ерлан Таласбаев сайланды.

Спартакиада қорытыңдысы бойынша жалпыкомандалық бірінші  орынды Ресей Федерациясының командасы иеленді. Жулделе екінші және үшінше орындарға Қазақстан және Украина командалары табан тіреді.  Одан кейінгі орындарға Армения,   Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларусь командалары орналасты. Есесіне медальдар саны бойынша Қазақстан командасы алдына жан салмады, спортшылар 43 медальды иеленді.

Биылғы спартакиада - тоғызыншы рет өз жалауын көтерді. Бірінші спартакиада 2000 жылы сәуір айында Санкт-Петербор қаласында өтті. Аталмыш спартакиада ТМД қатысушы-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Спорт комитетінің төрағасын сайлағаннан кейін,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55-жылдығының құрметіне орай өткен болатын. Спартакиада  елімізде 2003 жылы Алматы қаласында өткен еді.

Биыл, ТМД достастық армиялар Спартакиадасы  елордамыз - Астанада тұңғыш рет өткізілді.  Шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20-жылдық мерейтойына арналды.

Оның бағдарламасына спорттың сегіз түрінен сайыстар кірді: армиялық қоян-қолтық ұрыс, еркін күрес, дзюдо, волейбол, кір көтеру спорты, жүзу, спорттық бағдарлау және де триатлон. Сайыстар Астана және Щучинск қалаларының түрлі спорт кешендері мен оқу-жаттығу орталықтарында өтті.