Астанада ТМД елдері урологтарының I съезі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ТМД елдері урологтарының I съезі және ТМД жас медик-ғалымдарының «Теориялық және клиникалық медицинаның қазіргі замандағы мәселелері» XIV конференциясы жұмыстарын бастады.
None
None

Екі күндік шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ және Қазақстан урологтары қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отыр. 

Осы күндері конференцияда ТМД елдерінің жетекші ғалымдары баяндамаларын оқып, жаңа теxнологияларды, әдістемелер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынатын  болады. Аталмыш форумда несеп жолдары тасы ауруына шалдыққан науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің консервативтік, инвазивтілігі төмен және шұғыл әдістерінің мүмкіндіктері таныстырылмақ.

Несеп жолдарында тастың жиналуы - урологиялық аурулардың құрамында жетекші орындарды алып отыр. Қазіргі таңда барша әлем бойынша несеп-тас ауруына шалдығу көрсеткіші 3%-дан кеме емес және ол жылдан- жылға өсіп келеді.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаевтың айтуынша, соңғы кезде бұл сырқат Қазақстанда да едәуір кең таралып отыр.

Оның келтірген дерегіне сүйенсек, Қазақстан бойынша несеп-тас ауруына шалдығудың орташа көрсеткіші  1988 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 36,1 оқиғаны, 1990 жылы - 40, 2000 жылы - 42,3, 2004 жылы - 43,7 оқиғаны құраған. Ал 2015 жылы республика бойынша бұл көрсеткіш 100 мың ересек тұрғынға шаққанда 76,6 оқиғаны құрап отыр.

«Несеп-тас сырқаты 2014 жылдағыдай Жамбыл облысы, ШҚО және Астана қаласында жоғары деңгейде тұр», - деп атап өтті профессор.

М. Алшынбаевтың сөзі бойынша, отандық урологияны дамытудағы басты міндеттердің бірі урологиялық ауруларды ауруларды емдеудің инновациялық әдістерін дамыту болып табылады.

«Қазақстанда осындай саны жылдан жылға артып келеді. 2015 жылы ол 6 мыңнан асты. Соңғы 5 жылда қазіргі заманғы урология стандарттарының барлығына сәйкес келу үшін қолданылатын жабдықтардың паркі тұрақты түрде кеңейтіліп келеді», - деп түйді сөзін М. Алшынбаев.

Соңғы жаңалықтар