Астанада ТМД елдеріндегі ең үздік кітаптар таңдап алынады

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат -  2012 жылдың 24-25 мамырында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ТМД-ға мүше-елдердің ІХ «Кітап өнері» Халықаралық байқауының қазылар алқасы бас қосады.  

Астанада ТМД елдеріндегі ең үздік кітаптар таңдап алынады

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруда.

Халықаралық қазылар алқасының отырысына  Әзербайжан, Армения, Украина, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің өкілдері қатысты.

Байқауда келесідей аталымдар бойынша үздік кітаптар таңдап алынады: «Достастық», «Менің елім», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар», «Мәдениет. Ғылым. Білім», «Арт-кітап», «Достастықта басып шығарылған» және «Кітап өнері» Халықаралық байқауының бас жүлдесі.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өтеді.

«Жеңімпаз» кітаптар Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде көрсетілгеннен кейін, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен оның органдарының қызметін насихаттау және Достастық тарихи мұражайын толықтыру мақсатында ТМД Атқару комитетіне беріледі.