Астанада ТМД елдерінің эпилептологтарының ІІІ халықаралық форумы өтуде
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - 12-13 қазанда Астанда ТМД елдерінің эпилептологтарының ІІІ халықаралық форумы өтеді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мұндай іс-шара эпилепсиямен күресте елеулі табыстарға қол жеткізген елдерде өтеді.
Конгреске ТМД және Еуропаның 12 елінен 300-ден астам делегат, профессорлар, жетекші ғалымдар және дәрігерлер қатысады. Іс-шара барысында талма ауруларын диагностикалау мен емдеудің түрлі әдістері, азаматтарға қолжетімді, жан-жақты, білікті көмек көрсету проблемалары талқыға салынатын болады. Сонымен қатар, Қазақстан мен ТМД елдерінің эпилептологиялық қызметінің жетістіктері мен келешегі айтылып, жетекші ғалымдар ғылыми жетістіктерімен бөліседі.