Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің оныншы форумы басталды

Форумға Достастық мемлекеттерінен 200-ге жуық делегаттар шықырылды.
Биылғы бұл шара «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы» тақырыбына арналып отыр. Осы орайда қатысушылар форумның алдағы жұмыстарын анықтау тұрғысында ынтымақтастықтың жоспарларын талқылайтын болады.
Пленарлық отырыс пен секцияларда ғылым мен білім, өнер қайраткерлері «Мәдениеттер диалогы ТМД-ның гуманитарлы ынтымақтастығы дамуының факторы ретінде», «Гуманитарлы ынтымақтастықтың Еуразиялық коды», «Мәдениеттер диалогындағы музейлердің рөлі» атты өзара кәсіби әрекеттестіктің сан қырлы аспектілерін талқылайтын болады.
Форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және ТМД елдерінің өзге басшыларының құттықтау сөздері оқылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл форум 2006 жылдан бері кезек бойынша әр түрлі елдерде өткізіліп келеді.