Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Шараға ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Сидибе және ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының арнайы өкілі Гайк Никогосян қатысты.
Отырыста сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлемдегі барлық елдерде денсаулық сақтау саласына баса назар аударылатынын атап айтты.
Министр АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескертуге бағытталған ортақ шараларды жүзеге асыру барысында Қазақстанға көрсеткен көмек шаралары үшін ЮНЭЙДС өкілдеріне, сонымен бірге, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде консультациялық көмегі үшін ДДСҰ Еуропалық бюросына алғыс білдірді.
Өз кезегінде Мишель Сидибе БҰҰ Бас Ассамблеясының 2016 жылғы 8-10 маусымда Нью-Йоркте өткен ЖИТС-пен күрес мәселелері бойынша жоғарғы дәрежелі кеңесінде БҰҰ мүше елдері Тұрақты даму мақсаттарының аясында 2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын тоқтату шаралары жөніндегі жоспарды іске асыру бойынша міндеттемелерді алғанын мәлімдеді.
Отырыс барысында ТМД қатысушы елдері темекі өнімдерінің халық денсаулығына тигізетін кері әсері туралы ескерту шаралары, денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, жұқпалы емес ауруларды бақылау мен олардың алдын алу, өзара тәжірибе және ақпарат алмасу, сонымен бірге, ДДСҰ комитеттері мен басқарушы органдарының отырыстарында бірлесіп сөз сөйлеуді ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелері талқылады.
Шара соңында Тамара Дүйсенова ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Сидибе мырзаға Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған төсбелгісін тағып, Арнайы өкіл Гайк Никогосян арқылы дәл осындай төсбелгіні ДДСҰ Еуропа бюросының аймақтық директоры Жужанна Жакабқа табыстауды өтінді.
ТМД қатысушы-елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI келесі отырысы 2017 жылғы сәуір-мамыр айларында Қырғызстанда өтпек.