Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтуде, деп жазады "Егемен Қазақстан" газетінің сайты.
None
None

Тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионатын ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Аcтана қаласының әкімдігі.

3-8 қыркүйек аралығында өтетін Чемпионатқа әлемнің 25 елінен (АҚШ, Австрия, Ауғанстан, Антигуа және Барбуда, Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Камерун, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Чехия, Швейцария) 70-тен астам спортшы қатысуда.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру ісі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты. 

Соңғы жаңалықтар