Астанада тоғызқұмалақтан əйелдер арасында чемпионат өтіп жатыр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының əйелдер арасындағы командалық чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы тоғызқұмалақ федерациясының ресми сайытында жарияланды.
Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Қойшыбаев Мақсат қатысты.
Чемпионатқа еліміздің 9 облысы мен Астана қаласынан, барлығы 55 спортшы қатысуда.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2 тамыз күні белгілі болады.