Астанада тоқтаусыз жауған жауын суынан кейінгі ретке келтіру жұмыстары 15 маусымда аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тоқтаусыз жауған жауын суынан кейінгі ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда тоқтаусыз жауған жауын-шашынның әсерінен жеке тұрғын секторларындағы үйлер мен аулаларда жиналған су қорларын, сонымен қатар, «АгроПромСтрой» ЖШС мердігер ұйымымен «Алматы» ауданында Оңтүстік-шығыс шағын ауданының Құндызды көшесіндегі жалпы арақашықтығы 400 метр болатын жауын-су кәріздері жүйелерін абаттандыру арқылы жиналған су қорларын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жұмысты үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін аяқтау жоспарланған. Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында Астанада жауын-шашынның айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан елорданың коммуналдық қызмет түрлері бірнеше тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Бұрын хабарланғандай, Астанада 5 су тазарту ғимараты салынып жатыр, тағы 8-і жобалану үстінде.