Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта Төле би көшесін салу» жобасы аясында жол жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмысты аяқтау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Осыған байланысты Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы жол учаскесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.
Жүргізушілерге төмендегі балама бағыттарды пайдалану ұсынылады:
• Тұран даңғылынан Е 54 көшесі арқылы Төле би көшесіне шығу;
• Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне өту.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастыруға енгізілуі мүмкін өзгерістерді ескеруі қажет, — деп ескертті әкімдік.
Осыдан бұрын Павлодардағы ойқы-шойқы жол жүк көліктеріне шығын келтіріп отырғанын жазғанбыз.