13:44, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанада Төлеген Айбергеновті еске алу кеші өтті
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «О, адамдар, біргемін мен сендермен» атты ақын Төлеген Айбергеновті еске алу кеші өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш шараның негізгі мақсаты ? қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді және еліміздің аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамыту, жастар мен мектеп оқушыларының назарын біздің еліміздің тарихына, мәдениетіне және әдебиетіне аудару арқылы өзіндік сана-сезімдерін дамыту. Салтанатты кешке Білім және Тілдерді дамыту басқармаларының, қала әкімдігінің өкілдері қатысты.«Біз әр көктемді ақын Төлеген Айбергеновтің туған күнімен қарсы аламыз. Мен Т.Айбергеновтің қызы ? Айнар Төлегенқызына алғысымды білдіремін. Ол әрқашан біздің мектепке көңіл бөліп отырады. Сондай-ақ мектеп қабырғасында ақынның мұражайы ашылды», - деді мектеп директоры Сәуле Жүсіпова.ҚазАқпарат анықтамасы: Төлеген Айбергенов (1937-1967 ж.ж.) ? 1937 жылғы наурыздың 3-інде Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірді. 1959-1962 жылдары Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жылдары Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор болды, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет етті. Өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963 ж.), «Өмірге саяхат» (1965 ж.), «Құмдағы мұнаралар» (1968 ж.), «Мен саған ғашық едім» (1970 ж.) және тағы басқалар. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974 жылы, қайтыс болғаннан кейін). 1997 жылы ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітап, 2001 жылы «Бір тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді. Жас ақын-жазушыларға арналған Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.