Астанада «Төленді» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі бойынша қаралған сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қалалық прокуратураға жіберді.

Астанада «Төленді» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Кооператив басшылығы Астанада салынып жатқан «Столичный-2» (Абай мен Сарыарқа даңғылы қиылысында), «Аниса» (Қорғалжын тас жолы), «Көктал-2» (Тілендиев көшесі 50/1) көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді екі реттен сатқан.

Астана қаласының ІІД  азаматтардан жылжымайтын мүлікті сатып алуда мұқият болуды сұрайды. Пәтер сатып алу кезінде барлық сұрақтар бойынша тікелей құрылыс компанияларына жүгінуге кеңес береді.