Астанада төрт адам, оның ішінде екі бала көмірқышқыл газына уланып қалды - ТЖМ
АНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада пештің ақауы салдарынан төрт адам, оның ішінде екі бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға Өндіріс қонысындағы жеке меншік тұрғын үйлердің бірінде 13 желтоқсан күні түскі сағат бір шамасында орын алды. Иіс тиіп уланған 30 жастағы азаматтармен бірге, 5 және 6 жасар екі бала ауруханаға жатқызылды.