Астанада төрт тұрғын үй үлескерлеріне 2 млрд теңге қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала прокурорының талап арызымен зардап шеккен үлескерлерге құрылысы аяқталмаған «Рух», «Алтын Раид», «Зере-2» және «Магистральный-3 (3-блок)» тұрғын үй кешендері беріліп, 360-тан аса үлескердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Рух», «Алтын Раид», «Зере-2» және «Магистральный-3 (3-блок)» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерінің мүддесіне енгізілген қала прокурорының талап арыздары қанағаттандырылды.

Азаматтық істердің қаралу нәтижесі бойынша «Рух Нұрхат», «ДАР», «Наш дом Зере» және «Аманат-Комфорт» ТҮҚК-нің пайдасына жосықсыз құрылыс салушылардан («КазГазАстана» ЖШС, «Алтын Сапа 2011» ЖШС, «Жас Отау-Happy tawn» ТҮҚК, «ТамызИнвестГрупп» АҚ)  2 млрд теңге өндіріліп, құрылысы аяқталмаған «Рух», «Алтын Раид», «Зере-2» және «Магистральный-3 (3-блок )» тұрғын үй кешендері  жер телімімен қоса берілді.

Қазіргі уақытта тұрғын үй-құрылыс кооперативтері құрылысты аяқтау және тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін әлеуетті салушыларды тарту мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар