Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде  2012 жылғы 5 қазанда сағат 10.00-де Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божконың төрағалығымен
None
None

«Жергілікті атқарушы органдардың «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығын іске асыру шеңберінде еліміздің аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, маусымдық тасқын мен су тасқынына, селге, сырғыма мен көшкінге, өрттерге, жер сілкіністеріне, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық жағдайына қарсы іс-әрекет инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шараларды стратегиялық жоспарлау жағдайы туралы» тақырыбына Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері, ҚР ТЖМ құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен аумақтық органдарының басшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар