Астанада Toyota Camry жүргізушісі оқушыны қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Toyota Camry жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлады елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасынан.

  Астанада   Toyota Camry жүргізушісі оқушыны қағып кетті

«Бүгін, 5 қыркүйекте сағат 07.04-те Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Иманов көшесімен Республика даңғылы жағына өтіп бара жатып, Ғабдуллин көшесімен қиылысқанда, жүргіншілер жолымен Иманов көшесіне қарай өтіп бара жатқан 2000 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған қызды қағып кетті. Оқушы қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.

Астана қ. ІІД әкімшілік полициясы басқармасы жүргізушілерге оқу жылының басталуына байланысты жолда жас балалардың көбейгенін, сондықтан жүргізушілер балаларға баса мән беруі қажеттігін ескертеді.