Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада велотректен Silk Way Series Astana халықаралық жарысы өтеді.

м
Фото: ҚР ҰОК

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Армения, Литва, Грекия, Әзірбайжан, Ресей және Беларусь спортшылары қатысады.

ҚР ҰОК мәліметінше, турнирді «Сарыарқа» велотрегі қабылдайды.

Silk Way Series Astana жарысы 15-17 мамыр аралығында өтеді.

Айта кетейік, футболдан еліміздің әйелдер лигасының екінші туры басталады.

4-10 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі жарияланды.