Астанада цех өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы бөлек тұрған цехтан шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада цех өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. ТЖМ қызметкерлері өртті толық сондірді. Өрттің ауданы 40 шаршы метр болды.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, қойма үй-жайларында авто бөлшектер, жиһаз бен құрылыс материалдары жанған.

Айта кетелік кеше Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда өрт шыққан болатын

Соңғы жаңалықтар