Астанада цех отқа оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық өрт сөндірушілер терезе жасайтын цехта тұтанған өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Астана
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін сағ.12-53-те келіп түскен  қоңырау бойынша Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылында цехтағы жанып жатқан қосымша ғимаратқа аттанды.

Отқа оранған кәсіпорын автомобильдерге терезе жасайтын әрі орнататын екі қабатты мекеме екені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар