Астанада «Цзянсу — Орталық Азиядағы көпфункционалды кешен» салынады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытайға сапарында Цзянсу провинциясы үкіметі мен Jiangsu Soho Holding Group басшысымен кездесті.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Шаққалиев 2024 жылы ашылған «Цзянсу-Орталық Азия» орталығы мен Қазақстан павильонына барып, олардың жарты жылдық жұмысына баға берді. Маусым айында Астанада Цзянсу провинциясының импорттық және экспорттық тауарларының Expo Goods Central Asia көрмесі өтеді. Soho Holding Group бұл шараға қосымша көрме ұйымдастырады.

— Көрме екіжақты ынтымақтастықтың жетістіктерін көрсетіп, оны тереңдетуге мүмкіндік береді. Министрлік ұйымдастыру мен қатысуға қажетті қолдау көрсетуге дайын, — деді Арман Шаққалиев.
Министр Soho Holding Group-тың Цзянсудағы құрылыс қарқыны мен сапасына таңданысын білдірді.

Қазақстандық павильондар мен CIIE көрмесінде жасалған жұмыстар жоғары бағаланды.
Осыған дейін Сауда министрлігі Трамптың жаңа баж салығына қатысты мәлімдеме жасады.