Астанада «Түлек - 2010» жәрмеңкесі басталды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Түлек - 2010» VI-шы дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды,

Астанада «Түлек - 2010» жәрмеңкесі басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университеттің Студенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы Шәмен Палымбетовтың айтуынша, биылғы жәрмеңкеге 60-тан астам жұмыс беруші компаниялар мен мемлекеттік органдар бар. «Биыл Еуразия ұлттық университетін 2100-ге жуық жас маман бітіруде. Олардың біраз бөлігі осы бос орындар жәрмеңкесінде болашақ қызметтерін тауып жатады. Жалпы алғанда, Еуразия ұлттық университетін тәмамдап жатқан жастардың 80-90 пайызы жұмысқа орналасып кетеді», - дейді Ш.Палымбетов.