Астанада түнде болған өрттен екі адам, оның ішінде 12 жастағы бала ажал құшты

Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.
Өрт 1 сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «АМҚ» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Өрт орнында 36 жастағы әйел мен 12 жастағы баланың мәйіттері анықталды. 43 жастағы ер адам, 18 жасар жас жігіт пен 5 және 9 жасар балалар күйік шалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Алматы қаласының Әйгерім-2 шағынауданында кеше күндіз жекеменшік үйдің және жекеменшік үйдің аумағындағы уақытша құрылыстың төбесі өртенді. Жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады. Өрт 2,5 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан екі әйел мен 6 жастағы бала түрлі деңгейдегі күйік шалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді.