02:20, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Астанада түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада соңғы күндері қар мол жауып, ауа райы құбылып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 8 ақпан күні қар полигондарына 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса арнайы техника мен 260-тан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

8 ақпан күні қаладан 3 125 ауыр жүк көлеміне тең 42 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 299 мың рейспен 4 млн текше метрден астам қар шығарылды.