Астанада түнгі уақытта жүретін автобустар тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада түнгі уақытта жүретін автобустар тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
«2017 жылдың 1 қарашасынан түнгі № 200, 201 экспресс бағдарлардың жұмысы жолаушылар легінің төмендігіне және сұраныстың аздығына байланысты тоқтатылады» делінген хабарламада.
Аталған бағдарлардың көктем-жаз мезгілінде қайта жүруі тиісті саралаудан кейін қарастырылады.