Астанада тұңғыш Еуразиялық құрылыс саласы конгресі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас шаһарында 2-3 желтоқсан күндері тұңғыш Еуразиялық құрылыс саласы конгресі өтеді. Шара құрылтайшысы - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ал ұйымдастырушысы - «ҚазЭкспоСервис» көрме компаниясы, деп хабарлайды конгрестің баспасөз қызметі.

Астанада тұңғыш Еуразиялық құрылыс саласы конгресі өтеді

Аталған конгреске ЕАЭО-ның құрылыс саласындағы басты сарапшылары мен барлық мүдделі топтары, мемлекеттік құрылымдардың, құрылыс компанияларының, салалық қауымдастық және кеңестердің басшылары, өнім және түрлі жабдықтар шығарушылар, ғылыми және білім беру мекемелері, қаржылық институттар және т.б атсалысады.

Конгресс барысында қатысушылар экономиканың алдағы дамуы, құрылыс саласының мәселелері мен болашағы туралы ой бөліспек. Сондай-ақ, үш ел - Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің құрылыс индустриясын дамыту үшін жаңа шешімдер мен идеялар ойлап табу, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық секілді келелі мәселелерді талқыламақ.