09:24, 03 Тамыз 2024 | GMT +5
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі үш күнге жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тағы бір жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы төменде берілген схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.
Жергілікті жол учаскесі 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады.
«Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз» дейді әкімдіктен.