Астанада Тұран даңғылы жартылай жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тұран даңғылы жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
«7 қазанда сағат 21:00 бастап 8 қазан сағат 23:00 дейін жол жабынын жөндеу жұмыстарына байланысты Тұран даңғылы (Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне қарай) жартылай жабылады», делінген ескертпеде.