Астанада тұрғын бағдарламасы бойынша пәтерге құжат қабылдау жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы қазанда Астана қаласында сатып алу мен жалға беру үшін мынадай объектілерден 256 пәтер қарастырып жатыр: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы кенті, Ә. Жангелдин көшесі мекен-жайында орналасқан «Академия» тұрғын үй кешенінен 95 пәтер; Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабы (сол жағы), Қобыланды батыр көшесі мекенжайында орналасқан № 7 д, 7 г үйлерден 161 пәтер.
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Тұрғын үй сатып алумен жалдауға 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі (кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жалға беру мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін). Ең аз жалға беру мерзімі 5 жылды құрайды (бес жыл өткен соң жалға алушының мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарттарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек қана e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдаланумен іске асырылатын болады.

Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 19-23 қазан (қоса алғанда) аралығында жүргізіледі. Осы құжаттар қабылдау аясында өтініш жоғарыда көрсетілген нысанның біреуі бойынша ғана қабылданады.

Порталдың жұмыс уақыты - тәулік бойы.

Бағдарламаға сәйкес бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған (кезектегілер) келесі санаттар бойынша азаматтар ғана қатыса алады:

- көп балалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- оралмандар;

- мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар