Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде прорабтың үстіне керамограниттік тақта құлады

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні, түскі сағат бір шамасында Астана қаласы, Есіл ауданының Сығанақ көшесінде салынып жатқан «Сармат» тұрғын үй кешенінде

Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде прорабтың үстіне керамограниттік тақта құлады

құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Мереке Сервис 6» ЖШС-ның  52 жастағы прорабының үстіне керамограниттік тақта құлап кетті.

Салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.