Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың ғылыми негізі талқыланды
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды ғылыми қамтамасыз ету» атты бірінші ғылыми-практикалық конференция өтті.
Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шараны «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» (ТҚШ «Қазорталығы») ұйымдастырды. Басты мақсат - талдамалы және ғылыми зерттеулердiң жүргізу, инновациялық технологияларды ТҚШ саласына енгiзу.
ТҚШ «Қазорталығы» 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі бағдарламасы аясында Қазақстанда бірқатар жаңа енгізуде. Сондықтан осы салада ғылыми әлеуеттің белсенді араластыру, Қазақстанның жетекші ғалымдарымен талықалау жүргізу басымдықты іс.
Осы конференция шеңберiнде С.Сейфуллин атындағы Қазақ автотехникалық университетiнiң базасында энергоқуатты үнемдеу және «Астана» бiлiмдерiн тарату орталығы ашылды. Орталық негізінде Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту салалық бағдарламасын энерго және ресурсүнемдеу технологиялары арқылы қол жеткізу, мамандардың біліктілігі мен әлеуетін дамыту, сонымен қатар «білім-ғылым-өндіріс» интеграциясын күшейту ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Конференцияның соңы Астана қаласындағы ТҚШ нысандарын аралаумен ұласты.