Астанада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша баспана алуға құжаттар қабылдануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 21-25 желтоқсан аралығында Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша тұрғын үйлер сатуға құжаттарды қабылдау жарияланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астана қаласында азаматтардың барлық санаттары үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру талаптары жүзеге асырылмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының әкімдігі және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арасында Астана қаласы Сарайшық көшесі,№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелер (жобалық атауы) Лот 16 және М.Жұмабаев даңғылы аумағы, Лот 13 мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінен тұрғын үйдің 1 ш.м. құны 120 мың теңгеден 145,5 мың теңгеге дейін болатын 378 пәтерді сату жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,242 пәтерді сату қарастырылып отыр, оның ішінде: ауданы 34,36 шаршы метрден 46,59 шаршы метрге дейінгі бір бөлмелі 32 пәтер; ауданы 56,73 шаршы метрден 60,69 шаршы метрге дейінгі екі бөлмелі 106 пәтер; ауданы 74,03 шаршы метрден 91,98 шаршы метрге дейінгі үш бөлмелі 104 пәтер. Астана қаласы, Е. Брусиловский және А. Иманов көшелерінің қиылысы Лот 13 мекенжайында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде 136 пәтерді сату қарастырылып отыр, оның ішінде: ауданы 32,27 шаршы метрден 33,5 шаршы метрге дейіні бір бөлмелі 60 пәтер; ауданы 46,83 шаршы метрден 56,85 шаршы метрге дейінгі екі бөлмелі 68 пәтер; ауданы 69,73 шаршы метрлік үш бөлмелі 8 пәтер. Тұрғын үй тұрғын үй қарызы, тұрғын үй құрылыс жинақ немесе өз қаражаты есебінен тікелей сатып алу жолымен жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі дәлелденбеген жағдайда тұрғын үй кейіннен сатып алу құқығымен 8 жылдан аспайтын мерзімге жалға беріледі. Бұл бағыт бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 21-25 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында жүргізілетін болады. Бағдарлама талаптарына сәйкес, құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын қолданумен іске асырылатын болады. Порталдың ашылу уақыты: 2015 жылғы 21 желтоқсан, сағат 9.00, жабылу уақыты: 2015 жылғы 25 желтоқсан сағат 24.00. Порталдың жұмыс істеу уақыты - тәулік бойы. Бағдарламаға сәйкес «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі»: халықтың барлық санаттары үшін» бағытында мына санаттар бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; жасына қарай зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар; мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.