Астанада тұрғын үй құрылыстары үшін 823 жер телімі бөлінген

«2015 жылдың 20 маусымындағы жағдайға сәйкес Астана қаласында тұрғын үй құрылысы үшін 823 жер телімі бөлінген. Бөлінген жер телімдерінің жалпы санынан 121 жер телімі бюджеттік нысандарды салуға берілсе, 702 нысан коммерциялық мердігерлермен игеріледі. Сонымен қатар, 482 нысан жобалау кезеңінде тұр», - деді В. Силецкий.
Оның айтуынша, елорданың тұрғын үй қоры бүгінгі таңда 17,1 миллион ш.м. құрайды. 1998 жылдан бері жалпы ауданы 13 миллион ш.м.-ге жуық болатын тұрғын үй пайдалануға берілген. Бас жоспарға сай 2030 жылға қарай бас қаланың тұрғын үй қоры 37,2 миллион ш.м. құрауы тиіс.
В. Силецкий мәлімдегендей, алдағы уақытта Астана қаласында Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа ғимараты салынбақ. Оған 500 қызметкер жұмыс істейтін басқармадағы орын жетіспеушілік басты себеп. Жаңа ғимараттың жалпы көлемі 8 мың ш.м. құрайды.