10:11, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Астанада тұрғын үйде болған өртте төрт бала зардап шекті, 3 жасар сәби мерт болды
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Астанада тұрғын үйде болған өртте бүтін бір отбасының төрт баласы зардап шекті, 3 жасар сәби оқиға орнында мерт болды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қазанның 1-і күні түскі сағат 12 шамасында Алматы ауданы, Железнодорожный кентіндегі Ж.Жабаев көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалынның шарпыған аумағы 30 шаршы метрді құрады.
Тілсіз жау Астана қаласының ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 2 техниканың күшімен үш сағаттан кейін ауыздықталды.
Өрт салдарынан үш жасар сәби оқиға орнында қаза тапса, 2004, 2005 және 2008 жылдары дүниеге келген балалар ауруханаға жеткізілді.