Астанада тұрғын үйдегі өрт кезінде ер адам мерт болды

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Астанада тұрғын үйлердің бірінде болған өртте бір адам мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
None
None

Алматы ауданы, Уәлиханов көшесіндегі жекеменшік үйде сағат 22.36-да басталған өртпен ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 17 адамы мен 4 техникасы бір сағаттан астам уақыт бойы арпалысты.

Құтқарушылар оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Қазір оның тұлғасы анықталуда. Жалын үйдің 20 шаршы метр аумағын жойды.

Соңғы жаңалықтар