Астанада тұрғын үйден өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні 10:54-те Астана қаласы ТЖ департаментіне М.Жұмабаев көшесі, 3-үй мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Өрт орнына келген бірінші өрт бөлімшесі балкондағы жеке заттардың өртеніп жатқанын анықтады. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құраған.

Өртті сөндіруге 3 дана техника мен жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.

Тілсіз жау 11:06-да  толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.