Астанада тұрғын үйдің бірінде терезедегі жарықтардан «7 мамыр» жазуы құралды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде маңызды мейрам - ҚР Отан қорғаушылар күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл мереке соғыс кезінде елімізді қорғаған және бүгінде Отанға адал қызмет етіп жүрген азаматтар үшін қастерлі күн, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада тұрғын үйдің бірінде терезедегі жарықтардан «7 мамыр» жазуы құралды (ФОТО)

Баршаны келе жатқан мейраммен құттықтаған еліміздің ең кішкентай азаматтары, ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің балалары алғашқылардың бірі болды. Отан қорғаушылар күні қарсаңында олар ерекше акция өткізді. Елордамыздың тұрғын үй кешендерінің бірінде балалар керемет құттықтау ұйымдастырды.

Кешкі қараңғыда зәулім үйлердің бірінде жарықтары жанған терезелерден «7 МАМЫР» жазуы пайда болды. «Осынау флешмобты өткізу идеясы кенеттен туындады, - дейді ұйымдастырушылар. Біз айрықша жолмен құттықтайық деп шештік. Сол үшін осындай терезеден түскен жарықпен назарды аудартқымыз келді».

Ұйымдастырушылардың пікірінше, акция патриоттық сезімді, серіктік рух пен бірлікті білдіруге ықпал етіп, барша қазақстандықтарды мұндай акцияларды өз үйлерінде өткізуге, Отан қорғаушыларымызға айрықша сыйлық жасауға шақырады.

null null null null null null null null