Астанада тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шықты, жалынмен 30-дан астам адам күресті
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешқұрым Астананың Сарыарқа ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 9 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады. Тұрғындардың заттары өртке оранды. 55 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, оның ішінде үш бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.