00:47, 14 Тамыз 2015 | GMT +5
Астанада тұрғындар арасында терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған үш күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұрғындар арасында терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті 10 тамызда ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен көзделген қылмыс нышаны бойынша (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) үш қала тұрғынын ұстады. Тергеу мүддесінде сәйкес толық мәліметтер берілмейді», делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі іс жүргізілуде.
«Оған ұсталған тұлғалардың Қазақстан азаматтарын халықаралық террористік ұйымдар жағында соғысқа қатыстыру мақсатында шетелге шығару, сондай-ақ жасырын жиындарда терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттағандығы туралы мәліметтер негіз болып табылды» деп атап өтілген хабарламада.
12 тамызда Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты ұсталғандарды 2 айға қамауға алу санкциясын берді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.