Астанада тұрғынжайдан шыққан өрт бір баланың өмірін қиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 наурыз күні сағат 09.29 минутта Астана қаласының ТЖД-іне өрттің орын алғаны жайында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты ғимараттың астыңғы үйжайында 15 шаршы метр алаңда бөлмеаралық қалқа жанып жатқанын көрді. Бұл туралы Астана қ. ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, астыңғы қабатта ата-анасымен бірге сол жерде тұрып жатқан бала болған.
Өрт сөндірушілер бірден баланы іздеуге кірісті. Іздеу барысында жуынатын бөлмеде иіс тиіп көз жұмған 2009 жылы туылған баланың денесі табылды. Өртті ауыздықтауға 5 техника, жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖД мен ІІД тергеу бөлімінің қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Өрттің шығу себептері анықталуда.