Астанада Түрікменстан өнер шеберлерінің концерті өтеді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің «Түрікменстанның дәрілік өсімдіктері» кітап-энциклопедиясының таныстырылымы ауқымында Астанада өнер шеберлерінің концерті өтеді.
None
None

«Концертті ҚР-дағы Түрікменстан елшілігі ұйымдастырады. Шара 7 мамыр күні, Бейбітшілік және келісім сарайында болады», - деп хабарлады Түрікменстан денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің онкологиялық ғылыми-клиникалық орталығының ғылыми бөлімінің жетекшісі Овездурды Хуммедов.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің кітап-энциклопедиясының таныстырылымы болды. Басылым "ҚазТрансГаз» АҚ қаржылық қолдауымен қазақ тілінде шығарылды.

«Түрікменстанда басылымның 4 томы жарық көрді. Кітап орыс, түрікмен, ағылшын және қазақ тілдерінде басылып отыр. Әзірге қазақ тілінде екі томы шығарылды. Кітап - іргелі энциклопедиялық еңбек. Онда Түрікменстанда өсетін дәрілік өсімдіктер туралы толық ақпарат бар және еліміздегі флораның түрлі-түсті фотосуреттері берілген», - деді О.Хуммедов.

Түрікменстан білім министрі Гүлшат Мамедованың айтуынша, Қ.Бердімұхамедов көптеген көркем және ғылыми еңбектердің авторы.

Жинақ Астанада 2013 жылғы 10-11 мамыр күндері өтетін Түрікменстан Президентінің ресми сапары ауқымында таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар