Астанада «Түркілік тәрбие» антологиясының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - 13 қыркүйекте Астанада дәстүрлі түрклілік тәрбиенің қазіргі орны мен маңызы хақында педагог-ғалымдар бас қосады.

Астанада «Түркілік тәрбие» антологиясының таныстырылымы өтеді

Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркі академиясында «Дәстүрлі түркілік тәрбиенің қазіргі түркі дүниесіндегі орны мен маңызы» тақырыбында семинар өтеді.

Семинар жұмысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және басқа да шетедік педагог-ғалымдар шақырылды.

Шара аясында «Түркілік тәрбие» антологиясының таныстырылымы болады. Биыл шыққан ғылыми түркологиялық жинақтағы материалдар әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрік, татар, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған.