Астанада түркітанушы-ғалым Н.Келімбетовтің туғанына 75 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы Түркі академиясында белгілі түркітанушы-ғалым, жазушы, аудармашы, профессор Немат Келімбетовтің туғанына 75 жыл толуына орай «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері және Немат Келімбетов шығармашылығы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
None
None

Ғалым Н.Келімбетов - ежелгі түркі жазба әдебиетін кеңінен зерттеген Алаш азаматтарының бірі. Ол қазақ әдебиетінің түп төркіні Күлтегіннен емес, одан да бұрын - ғұн-сақ дәуірінен бастау алатындығын дәлелдеп берді. Бүгінгі таңда оның «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты кітапты Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары пайдаланып келеді. Осы еңбегінде ғалым қазақ әдебиетінің үш мың жылдық тарихын зерделеп, әрбір дәуірде батыр бабаларымыздың қалдырып кеткен рухани жәдігерлерін іздеп, бір жүйеге түсірген. Сол бай рухани мұраның ғылыми-танымдық қырын, көркемдік құндылығын нақышты тілмен жеткізе білді. Бұдан басқа да жазушы-аудармашы Н.Келімбетовтің шығармалары баршылық. Олардың ішінде  «Үміт үзгім келмейді» атты туындысын ерекше атап өткен жөн. Тағдыр тәлкегіне түскен Н.Келімбетовтің өмір сынынан өтіп, өз-өзімен арпалысуы осы бір еңбекте баяндалады. Осы  шығармасы үшін ол ЮНЕСКО-ның Ф.Кафка атындағы Еуропа қоғамының алтын белгісімен де марапатталды.

  Астанада өткен жиынға Үкімет басшысының орынбасары, ғалымның ұлы Қайрат Келімбетов, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбырай, белгілі түркітанушы-ғалымдар мен жазушылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар