00:36, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Астанада Түркітілдес елдердің математиктерінің конгресі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2017 жылғы қазанда Түркітілдес елдер математиктерінің VI халықаралық конгресін өткізуге арналған қазақстандық математика қоғамының (ҚМҚ) отырысы өтті.
ҚМҚ президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов ЭКСПО-2017 өткізу және онда ұсынылатын инновациялық жобалар Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру стратегиясын іске асыруға жәрдемдесетінін атап өтті. Осыған байланысты, математикалық зерттеу елдің инновациялық әлеуетін арттыру бойынша міндеттерді шешуге елеулі ықпал етуі мүмкін.
Бұл мәселелер Түркітілдес елдер математиктерінің VI халықаралық конгресінде қаралады.
ҚМҚ вице-президенті, академик Тынысбек Қалманов өз баяндамасында қазақстандық математикатердің соңғы жетістіктері туралы хабарлады, іргелі, қолданбалы математикалық зерттеулерді дамыту және қолданбалы инновациялық әзірлемелерге жетістіктерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері қозғалды.