Астанада ТүркПА Бас хатшысы сайланды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысында ТүркПА Бас хатшысы болып Рамиль Гасан сайланды.

Рамиль Гасан
Фото: azerbaycan24.com

- ТүркПА бас хатшылығының регламенті бойынша бас хатшы лауазымына кандидатураны Әзербайжан тарапы ұсыну керек. Ассамблея кеңесінің отырысында Әзербайжан тарапы осы лауазымға ұсынған Рамиль Гасан мырзаның кандидатурасы мақұлданды, - деді пленарлық отырыс модераторы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша аталған кандидатура бірауыздан қолдау тапты.

Рамиль Гасан бұл қызметке 2025 жылдың 15 қазанынан бастап кіріспек.

Сондай-ақ, ТүркПА Бас хатшысының орынбасары болып Мұхаммед Алпер Хаяли сайланды. 
ТүркПА комиссияларының бірнеше төраға орынбасары да сайланды. Олар: Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары - Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Гунай Афандиева, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары – Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Шолпон Сұлтанбекова.

Айта кетейік, бүгінгі пленарлық отырыс қорытындысы бойынша ТҮРКПА-ға төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға өтіп, Астана декларациясы қабылданады.

Сондай-ақ, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті

Соңғы жаңалықтар