Астанада түрлі елдің елшілері ағаш отырғызып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрлі елшіліктердің қызметкерлері елордадағы сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Есіл ауданының баспасөз қызметіне сілтемемен.
None
None

«Жоспарланғандай, «Ғашықтар» саябағының аумағында 90 ағаш отырғызылды. Аталмыш шарада Ресей, Грузия, Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия, Бразилия, Португалия, Сауд Арабиясы, Ватикан және т.б. елдердің елшілері қатысуда», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін елорда әкімдігініңресми сайтында хабарланғандай, сенбілікке 8500-ден адам, 425-тен астам ПИК және 123 теxниканы жұмылдыру жоспарланған. ПИК және өзге де ұйымдардың басшыларымен  қала ауданын санитарлық тазалау, аудан аумағын абаттандыру, кіреберістер мен төбе жабындыларын жөндеу, қоршаулар мен қасбеттерді жаңарту, құрылыс қоқысын және тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару сынды мерзімдік күзгі-қысқы жұмыстар атқарылады.

Онымен бірге жалпықалалық сенбілік барысында 255 ағаш отырғызылмақ:

- "Есіл" ауданы бойынша 95 ағаш ("Ғашықтар" саябағында);

- "Сарыарқа" ауданы бойынша 160 ағаш (Гете және Конституция көшелері).

Соңғы жаңалықтар